Ассам мұсылмандарынан да маза қашты
Ассам мұсылмандарынан да маза қашты
10 жыл бұрын 3302

Елімізге белгілі «Ассам» шайы өндірілетін Үндістанның Ассам штатындағы мұсылмандардан маза қашты. Белгісіз біреулер төрт бірдей мұсылманды жұма күні ұрлап әкетіп, өлтіріп кеткен. Марқұм мұсылмандардың сау тамтығы қалмаған сүйегі тек жексенбіде ғана Беки өзені жағасынан табылған болатын.  Осыған ашынған жергілікті мұсылмандар комендаттық сағат енгізілгеніне қарамастан наразылық білдіріп, көшеге шықты. Бір айта кетерлігі, Ассам штатында мұсылмандар жиі жәбір көреді.

0 пікір
Мұрағат