Кения билігі өздерінің заңына қарсы шықты
Кения билігі өздерінің заңына қарсы шықты
10 жыл бұрын 2686

Кенияның Найроби елді-мекеніндегі мектептердің бірінде христиан оқушысы ислам дінін қабылдағаны үшін шу шықты. Аталмыш оқу орнының директоры мектеп қабырғасындағы мұсылман оқушыларын айыптап, христиан қызына қысым көрсетті деп отыр. Осыған байланысты көбісі мұсылмандардан тұратын оқу кеңесінің мүшелері мектеп ғимаратының алдында наразылық шарасын өткізді. Олардың сөзіне қарағанда, мектеп әкімшілігі мұсылман оқушы қыздарына шариғат шәлісін тақтырмайды әрі ұл балаларды «террористер» деп кемсіткенімен қоймай жұма намазына жібермейді. Өз құқықтарын аяқасты етпеуін талап еткен мұсылмандарды полиция қызметкерлері күштеп тарқатқан.  Осы арада айта кету керек, Кенияның білім беру туралы заңында нәсіліне, жынысына, наным-сеніміне байланысты кемсітуге болмайтыны айтылған. Кейін белгілі болғандай, мектеп әкімшілігі мұсылман оқушыларын сабаққа кіргізбей кері қайтарған.

0 пікір
Мұрағат