Исландия мұсылмандарының мешіті бола ма?
Исландия мұсылмандарының мешіті бола ма?
10 жыл бұрын 4588

Исландия мұсылмандарының елде алғашқы мешітті тұрғызу жөніндегі жоспары қоғамда үлкен дүрбелең тудырды. Осыдан жиырма күн бұрын Исландияның Sveinbjörg Birna Sveinbjörnsdóttir ұйымы Рейкьявик (Исландия астанасы) қаласының әкімдігінен Мұсылмандар қауымдастығына мешіт тұрғызуға қажетті жер телімін бөліп бермеуге шақырған болатын. Исландияның жаңалықтар тарататын веб-сайттарында мұсылмандарға қарсы балағат сөздер пайда болған еді. Қорғаушы заңгерлер Салман Тамим мен Хельга Вала Хельгадоттир исламофобтардың бұл әрекетін жауапсыз қалдырмайтынын, сотқа жүгінетінін мәлімдеді.

0 пікір
Мұрағат