Ағылшын мұсылмандары ислам жайындағы жаңсақ түсінікті қалай түзетеді?
Ағылшын мұсылмандары ислам жайындағы жаңсақ түсінікті қалай түзетеді?
2 жыл бұрын 735

Ағылшын мұсылмандары, дәлірегі, 24 адам қоғамды індет боп жайлаған ислам жайындағы жаңсақ ұғымға тойтарыс беру үшін велисопед мініп, Бирмингем, Оксфордшир, Беркшир және Ворвикшир елдімекендері арқылы Глазго елдімекенінен Лондон мегаполисіне дейін жолға шықты. Олар жолай елмен тілдесіп, ислам діні жайында мағлұмат беруді мақсат етті. Олардың арасында дәрігер де, ғалым да, студенттер де бар. Ислам дінінің қадірі мен қасиетін танытуды мақсат еткен бұл шараны олардың өзідері «Бейбіишілік үшін жүгіру» деп атаған екен. Шараға қатысқан Таусиф Хан есімді дәрігер жол-жөнекей кездескен тұрғындардың өздеріне жылы қабақ танытып, сәт сапар тілегенін тілге тиек етті.

0 пікір
Мұрағат