Израиль райынан қайтар емес
Израиль райынан қайтар емес
10 жыл бұрын 3036

Жаулап алынған Палестина жеріне жөйттерді қоныстандыру саясатын ұстанып отырған Израил билігін Біріккен Ұлттар Ұйымы қатаң сынға алып, халықаралық заңды белден басып отырғаны үшін айыптады. «БҰҰ бас хатшысы Израил билігінің ежелден палестиналықтардың атамекені болған Иордан өзенінің батыс жағалауына, сондай-ақ, Құдыстың шығыс бөлігіне тұрғын үй тұрғызу мақсатында құрылысқа тендер жариялағанына алаңдаулы»,- деді БҰҰ бас хатшысының ресми өкілі Стефан Дюжаррик. Сондай-ақ, Ресей Федерациясының сыртқы істер министрлігі де осыған қатысты өз алаңдаушылығын білдірді.

0 пікір
Мұрағат