Ислами кітап оқығандарды да аңдитын болады
Ислами кітап оқығандарды да аңдитын болады
6 жыл бұрын 5198 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Латвияның күштік құрылымы ислами әдебиеттерге қызыққан оқырмандарды аңдуды міндеттейтін кітапханашыларға арналған нұсқаулық әзірледі. Sputnik Латвия ақпарат көзінің таратқан хабары мен келтірген дерегіне қарағанда, арнайы қызмет тегін интернетпен қамтылған кітапханаларды да  терроризм ошағына жатқызып отыр. Яғни, экстремизмді насихатталатын орынға. Латвиялық жансыздардың ойынша радикалдарды танудың бір белгісі ислами әдебиеттерге қызығу болып табылады-мыс. Бір қызығы, кітапханашыларжың өздері күштік құрылымның бұл бастамасына наразы болып отыр. 

0 пікір
Мұрағат