Шариғат талаптарын қолдануға шектеу енгізілді
Шариғат талаптарын қолдануға шектеу енгізілді
6 жыл бұрын 2736 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Грек парламенті өткен ғасырдың бірінші ширегінен бері, дәлірегі, 1923 жылдан бері фракиялық мұсылмандарға қолданылатын шариғат талаптарының қолданыс аясын шектейтін заң қабылдады. Грекияда ішінара ғана қолданылатын санаулы шариғат талаптарының өзін көп көріп, қысқартып, жоққа айналдырып отыр. Нақтырақ айтқанда, неке қидыру, ажырасу және отбасы мәселелеріне ғана қатысты қолданылатын шариғат талаптарын шектейді. Шариғатқа жүгінгісі келмеген мұсылман сотқа шағымдана алатын болды. Аталмыш заңға сәйкес. Айта кетейік, аталған мұсылман емес мемлекетте шариғат талаптары Лозан келісім-шартына сәйкес қолданысқа енген еді. 1919-1922 түріктермен соғыста жеңіліс тапқан гректер Фракиядағы тұрғындарды бөлу кезінде 100 мыңдай мұсылман қалып қойған болатын. Грекия халқының екі пайызын мұсылмандар құрайды. 

0 пікір
Мұрағат