«Исламға қарсы блок» тарады
«Исламға қарсы блок» тарады
8 жыл бұрын 2543

Чехияда «Исламға қарсы блок» деп аталатын ұйым таратылды. Аталмыш саяси қозғалыстың бұрынғы көсемі жаңа бірлестік құру бағытында жұмыс жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Бұл жайында «czech.cz» ақпарат көзі хабар таратты. Бұрын аталған ұйымның мәжілісін делегаттардың көбісі тастап шыққан болатын – «70-ші жылдардың басындағы большевиктердің тәжірибесін қайталады» деп. «Исламға қарсы блок» Чехия аумағында ислам дінінің ықпалымен күресуге арналған акцияларымен танымал болған еді. 2014 жылы аталған саяси қозғалыстың белсенділері Прага қаласының көшелерінде шариғат шәлісін жамылған, «тас боратылған» әйелдер макетін қойып, осылайша  исламға қарсылықтарын білдірген болатын. Аталған ұйым «экстермистік исламофобтар ұйымдарының» тізіміне енгенімен, оның қызметіне тыйым салынған жоқ. Осы блоктың көсемі, Будейовице қаласындағы университеттің доценті, яғни, энтомологы (жәндіктану маманы – ред.) Мартин Конвичка мигранттар мен мұсылмандарға қарсы бірлестік құрған болатын. Олар радикалдарға қарсы емес, тура мағынасында мүміндер дініне қарсы осындай блок құрған еді.

0 пікір
Мұрағат