Жануарлар әлемі: Барысты сақтап қалуға арналған арнайы портал ашылды (видео)
Жануарлар әлемі: Барысты сақтап қалуға арналған арнайы портал ашылды (видео)
8 жыл бұрын 7686 khabar.kz Kazgeokz stan.kz

Барысты сақтап қалуға Қазақстанның әр азаматы атсалыса алады. Ол үшін тек интернет арқылы арнайы порталға ақша аударса жеткілікті. «Зоология институты» мемлекеттік мекемесінің бастамасымен ашылған «save-irbis.kz» порталына осы уақытқа дейін 1 жарым миллион теңгеден астам қаражат аударылған. Жиналған ақшаға арнайы экспедиция ұйымдастырылады. Және жыртқышты зерттеуге қажет құрылғылар сатып алынады. Экспедиция барысында Қазақстанда қанша барыс қалғаны, олардың қай жерлерде кеңінен таралғаны анықталады. Жиналған мәліметтер мен суреттер бірден порталға шығарылады. Халық аударған қаржының қайда, не мақсатқа жұмсалғандығы туралы есеп те сайтқа тұрақты түрде көрсетіліп отырады. Айта кетейік, бүгінгі таңда болжам бойынша, ел аумағындағы барыс саны 120-ға жуықтайды. «Қазақстандағы биотүрлілікті сақтау қауымдастығы» өкілдерінің айтуынша, Жоңғар Алатауында 2015 жылы фото құрылғыларға жыртқыштың 60 шақтысы түссе, 2014 жылы бұл көрсеткіш 50-ден аспаған еді. 

Балықшылар «Мөңке балық» күнін атап өтті (видео)

Солтүстік қазақстандық әуесқой балықшылар қармақ салудан сыңға түсті. Алғаш рет ұйымдастырылып отырған сайысқа теріскейден бас-аяғы 20-дан астам балықшы қатысты.  Үш сағаттан астам уақытта олар 50 келіден астам мөңке балығын ұстады. Байқау ережесіне сәйкес қармақшылар командалық және жекелей сында өнер көрсетті. Ал байқауды тамашалауға балық аулаудан әлемнің бірнеше дүркін чемпионы Станислав Радзишевский мен еліміздің спорттық балық аулау федерациясының Президенті Роман Ботабеков арнайы келді.  Ал аспаздар болса, ашық аспан астында балық сорпасын пісіріп, тұрғындарға тегін үлестірді. Осылайша балықшылар мен қала тұрғындары «Мөңке балық» күнін ерекше атап өтті. Енді ұйымдастырушылар аталмыш сайысты дәстүрге айналдыруды жоспарлап отыр.  Наталья Грин, балықшы:  - Қармаққа балық түссе, жеңіске жеткендей боласың. Біз осында балық үшін емес, демалыс үшін келдік. Сондықтан, бұл ермекті әйел мен еркектер арасында бөліп, жаруға болмайды. Роман Ботабеков, ҚР спорттық балық аулау федерациясының президенті: - Әрқайсысы карасьтің тілін біледі. Әрқайсысының жемістерін көріп отыр. Біреуі жүгері беріп отыр, біреуі шаушан береді. Біреуі тағы да бір нәрсе береді. Сол ең тәжірибелі балықшылар, тілін білетін балықшылар чемпион болады.  Спортшылар табиғатқа зиян келтірмейміз. Тек қана балықты ұстап, бетінен сүйіп, жібере саламыз.

Қызылордада екі аяқты мысық, алты аяқты қозы туылды (фото)

Естімеген елде көп. Соңғы уақытта Қызылордада жаратылысы өзгеше жануарлар дүниеге келуде. Олардың бірі алдыңғы екі аяғы жоқ мысық болса, екіншісі алты тұяқты қозы.

7474

1616

1515

Бұл мысық Қызылорда қаласына қарасты Қаракөл ауылында дүниеге келген. Туылғанына 1 ай болған бұл жануардың алдыңғы екі аяғы жетілмей қалған. Кішкентай марғау соған қарамастан асыр салып ойнап, бауырымен жорғалайды. Тіпті кей-кезде адам секілді екі аяғымен жүріп таңғалдырады.

3232

Анасының аты – Маркиза. Егелерімен тұрғанына 4 жылдан асқан. Үй жануарының иесі осы уақытқа дейін мұндай жағдайдың болмағанын айтады.

1717

“Шынымды айтсам, басынды шошып кеттік. Тіпті, ұзатпай көзін құртамыз ба деген ойлар да болды. Бірақ мысықтың қарғысынан қорықтық. Обал болды. Қазір анасының жанында жүр. Үйімізде қалдырамыз деп шештік”, – дейді ауыл тұрғыны Фарида Шалбаева.

6565

Жаратылысы ерекше мысықпен бірге тағы да екеуі дүниеге келген. Алайда, оларды жаңа иелері алып кеткен. Бауырларынан бөлектенген мысық басында жалғызсыраған екен. Қазір біртіңдеп үйренісіп келеді.

Табиғаттың мұндай тосын әрекеті көпшлікті таңғалдыруда. Алайда, жұрттың басым көпшілігі экологияның зардабы болуы мүмкін деген пікірде.

Қаракөл ауылында жаратылысы өзге жануарлардың тағы бірі – алты аяқты қозы. Сәуірде туылған жануардың төс тұсынан тағы екі тұяғы салбырап тұр.

1212

Алайда, бұл құбылыс қозының емін-еркін қозғалып, жүріп тұруына кедергі келтірмеуде. Жануарлардың бұлайша туылуы жергілікті тұрғындарды шошытып жатқандары рас.

1414

Ауаның уланғанынан дүниеге келетін балаларымыз да кеміс болып тумаса, дейді.

0 пікір
Мұрағат