Христиандарды мұсылмандарға қарсы «қасиетті» соғысқа үндеді
Христиандарды мұсылмандарға қарсы «қасиетті» соғысқа үндеді
10 жыл бұрын 5338 Гари Касс

АҚШ-та  оңшыл радикалды христиан белсендісі Гари Касс діндестерін мұсылмандарға қарсы «қасиеттті» соғысқа дайындалуға шақырды. Оның мәлімдеуінше, мұсылмандарға өркениетті әлемде орын болмауы тиіс. «Мұсылмандар теңдік пен әділеттілікке негізделген христиан қоғамында өмір сүре алмайды»,- деген анық арандатуға бастайтын тантыған сөзі  Raw Story ақпарат көзінде жарияланды. Бұрын Сан-Диего қаласындағы республикалық партияның ресми өкілі болған, қазіргі уақытта радикалды христиан белсендісінің әрдайым христиандар қолдарына қару алып, мұсылмандарға «тойтарыс» беруге үндеп келгені белгілі болды. «Алдымен Құдайға сеніп, содан соң отты қарумен жарақтаныңдар, балаларды әділетті соғыс пен өзін-өзі қорғауға қатысты христиан доктринасына үйретіңдер, достарыңмен және туыстарыңмен ұяшықтар құраңдар»,- деген жолдардың авторы осы шолақ белсенді болатын.Оның бұл сандыраққа толы мәлімдемесіне мән бермес пе едік, егер батыс елдерінде осындай таяз ойлайтын, иегінің астындағынан арыны көре алмайтын саясаткерлердің көптеп шығуына алаңдамасақ. Демократияны желеу етіп, ауыздарына келгенін көкіп, ел мен елдің арасына сына қағып жүрген саясаткерлерді (Жириновскии, Берта Гейс, т.б.) үлкен мінберлерге жіберудің қаншалықты қажеті болды екен?

0 пікір
Мұрағат