Бангладеш, Мьянма және Үнді мұсылмандары әл-Кайиданың үндеуінен теріс айналды
Бангладеш, Мьянма және Үнді мұсылмандары әл-Кайиданың үндеуінен теріс айналды
2 жыл бұрын 653 Зәфарул-Ислам Хан

Оңтүстік Азия елдерінің, атап айтқанда, Бангладештің, Мьянманың және Үндістанның мұсылман жамағатының жетекшілері әл-Кайиданың мұсылмандарды «әділетсіздіктен, қуғын-сүргіннен, зорлық-зомбылықтан, жәбір-жападан азат етуге шақырған» үндеуінен теріс айналды. Аталмыш елдердің мұсылман жетекшілері 1988 жылы Ауғанстаннан Кеңес одағы әскері шығарылғаннан кейін құрылған, АҚШ басқыншылыға қарсы ымырасыз соғыс ашқан, батыс елдерінің құндылықтарына, дәлірегі, зайырлы қоғам атрибуттарын құлатуды мақсат еткен, әлем бойынша экстремистік ұйым ретінде белгілі болған, уахабиттік бағыттағы «әл-Кайиданың» ұсынысынан батыл бас тартты. Бұл жайында OnIslam.net ақпарат көзі хабар таратты. Өткен аптада «әл-Кайиданың» көсемі әз-Зауаһари аталған елдер аумағында осы ұйымның бөлімшелерін құратынын мәлімдеген еді. Алайда, әлемге әйгілі «әл-Азһар» университетінің түлегі болып табылатын үнді мұсылмандарының жетекшісі «әл-Кайидамен» қандай да бір байланыс орнатуға үзілді-кесілді қарсылық білдірді. Оған Бангладеш пен Мьянма мұсылмандарының қайраткерлері де қосылды. Олар аталған елдердегі өзі азшылықты құрайтын мұсылмандарға жергілікті билік тарапынан қуғын-сүргін күшейіп кете ме деген қауіптерін де жасырмады. Осы арадан мынадай сауал пайда болады: «әл-Кайида» оңтүстік Азия елдеріне неге көз тікті? Бұл сауалдың жауабы аталған елдер аумағындағы қысым көріп отырған мұсылмандардың мұң-зарын желеу етіп, оңтүстік Азия арқылы теңіз айлақтарына бақылау орнату әрі сол арқылы өз идеологияларын насихаттауда жатыр. Қысқасы, әлеуметтік қайшылыққа толы, халқы тығыз орналасқан оңтүстік Азияның экономикасы кенжелеп артта қалған елдері арқылы өз мақсаттарына қол жеткізуді көздейді. «Түпкі мақсат қару таңдамайды».

0 пікір
Мұрағат