Христиандар мұсылмандарға қалай қолдау көрсетті?
Христиандар мұсылмандарға қалай қолдау көрсетті?
10 жыл бұрын 2928

Канаданың Колд Лейк қаласындағы ислам орталығына вандалдар шабуыл жасап, барлық терезесін шағып, қабырғасын айғыздап кеткен. Айғыздап кеткенде де «елден кетіңдер» деп қоқан-лоққы көрсеткен. Жергілікті тұрғындар осы қаладағы мұсылман жамағатына қолдау көрсету үшін ислам орталығы ғимаратының қабырғасындағы жазуды өшіріп, оның орнына «сіз өз үйіңіздесіз» деген жазу жазылған плакат іліп тастады. Сондай-ақ, қала әкімі Крэйг Коуплэнд те келіп, вандалдардың әрекеті үшін мұсылмандардан кешірім сұрады. Бұл жайында  Global News ақпарат көзі хабар таратты.

0 пікір
Мұрағат