Психиатрлар да жынның не екенін білуі керек
Психиатрлар да жынның не екенін білуі керек
9 жыл бұрын 3898

Шотландияда психиатрлар мен психологтар өздеріне мүлдем беймәлім құбылыспен бетпе-бет келіп отыр – пациент мұсылман оларға жын туралы айтқанда қандай кеңес беретінін білмей дағдарады. «Отбасы, неке мәселелері жайында бізден ақыл сұрай келген мұсылман әйелдердің көбісі бірнеше сессиядан кейін өздерінің отбасының шырқын бұзған жындар туралы сөз қозғайды», - деді «Амина» деп аталатын мұсылман әйелдердің ресурс орталығының директоры Смина Хан Herald Scotland ақпарат көзіне берген сұхбатында. «Олар күлкіге қаламыз ба деген қауіппен өз дәрігерлеріне көп сене бермейді. Олар бізге сенім артады. Біз мұны жан саулығының мәселесі ретінде қарастырамыз»,- деді сөзін сабақтаған ол. Аталмыш орталық қызметкерлері өздерінен кеңес сұрай келгендердің үштен екісі басындағы проблеманы жындардан көретіндіктен оларға тек психологиялық көмек беріп қана қоймай, сонымен қатар, діни кеңес те беруге тура келетіндерін жеткізді. Ол үшін ислам ғалымдарымен және мұсылман ұйымдарымен бірге жұмыс істейтіндіктерін де жайып салды.

0 пікір
Мұрағат