Христиан еліндегі танымал университет емтихан кестесін Рамазан айына байланысты өзгертеді
Христиан еліндегі танымал университет емтихан кестесін Рамазан айына байланысты өзгертеді
6 жыл бұрын 2852 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Батыс елдеріндегі аса беделді Пристон университеті аталған жоғарғы оқу қабырғасында білім алып жатқан мұсылман студенттерге жеңілдік шараларын қарастыруда. Қасиетті Рамазан айын байланысты. Нақтырақ айтқанда, мамыр айының 16-ы күні  басталатын қасиетті аймен қатар аталған университеттің емтихан тапсыру кестесі да осы күні бастайды екен. Мұсылман студенттердің таң атқаннан қара кешке дейін ауыз бекітіп, нәр сызбайтынын ескерген университет басшылығы мұсылман студенттердің кешкі емтихан тапсыру уақытын таңертеңге ауыстырды. Сөз орайы келгенде айта кету керек, Пристон университеті мұсылман студенттерге мұндай жеңілдікті алғаш рет беріп отыр. Өйткені, бұрындары емтихан уақыты Ораза уақытымен тұспа-тұс келмеген болатын. 

0 пікір
Мұрағат