Әлемдегі ең үлкен қоқыс өңдейтін зауыт қоқыс музейі де болмақ (фото+видео)
Әлемдегі ең үлкен қоқыс өңдейтін зауыт қоқыс музейі де болмақ (фото+видео)
6 жыл бұрын 6328 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Әлемде қоқыс өңдейтін зауыттардың қатары жылдан жылға көбейіп келеді. Өйткені, миллиондаған тонна қоқыс адамзаттың бас ауруына айналғалы қашан. Ауаны да, мұхитты да, құрлықты да, т.б, ластап біткен қоқыстан құтылу үшін оны қайта өңдеу зауыттары көптеп салынуда. Бұл салада өзгелерге үлгі көрсетіп отырған Швейцария, Жапония сынды дамыған елдердің тәжірибесі де ескерілуде. Десе де әлемдегі аса ірі қоқыс өңдейтін зауыттың қай елде орналасқанын білесіз бе? Әлбетте, халқының саны көл-көсір Қытайда. Біз сөз етіп отырған зауыт 2020 жылы пайдалануға берілмек. Аталған зауыт тәулігіне 5000 тонна қоқысты жағып жібере алады. Бұл көрсеткіш 20 млн тұрғыны бар Шэньчжэн тұрғындары күніне шығаратын қоқыстың үштен бірін ғана құрайды. Бұл зауыт тек қоқыс жағып қоймай қосымша энергия өндіретін болады. Сондай-ақ, қоқыс музейі қызметін де қоса атқармақ. Сәулеті ерекше зауыттың шатыры (66000 шаршы метр) қаланың біраз бөлігін энергиямен қамтамасыз ететін, 44000 шаршы метрді құрайтын фотоэлектрлі панелдермен жабылады.

0 пікір
Мұрағат