Google генетикалық зерттеу негізінде диагноз қоюдың өзгеше үлгісін ұсынбақшы
Google генетикалық зерттеу негізінде диагноз қоюдың өзгеше үлгісін ұсынбақшы
2 жыл бұрын 642

Google компаниясы тыңнан түрен салатын ғылыми жобаны қолға алды. Зерттеу мақсаты денсаулығында бір кінәраты жоқ адамның қандай болуы керектігін анықтауға саяды. Жуырда ғана қолға алынған Baseline Study зерттеу жобасы аясында әзірге өз еркімен 175 адам анализ тарсырған. Аталмыш зерттеу жұмыстарына тартылған ғалымдар олардың қатарын алдағы уақытта бірнеше мың адамға дейін жеткізуді көздеп отыр. Осынау өзгеше жобаға кезінде пациенттің қанынан оңай жолмен ВИЧ-ті анықтау тәсілін тапқан әйгілі молекулярлық биолог Эндрю Конрадтың өзі жетекшілік етеді. Бұл жобаға психология, биохимия, оптика, молекулярлы биология, т.б. салалардың ғалымдары атсалысуда. Ғалымдар анализдердің нәтижесін талдап, сараптамадан өткізеді. Соның негізінде денсаулығында кінәраты жоқ адамның қандай болатынын анықтап, нәтижесін әлемнің түкпір-түкпіріне жөнелтеді. Әлем дәрігерлері өз кезегінде осы нәтиже бойынша диагноз қойып, пациенттің қандай сырқатпен ауыратынын анықтайтын болады.

0 пікір
Мұрағат