Ғаламтор қауіпсіздігіне жауапты институт құрады
Ғаламтор қауіпсіздігіне жауапты институт құрады
7 жыл бұрын 2335 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қытай билігі ғаламтордағы қауіпсіздікке жауп беретін мамандарды дайындайтын арнайы институт құруда. Аталмыш жоба бес млрд юанға немесе 750 млн долларға бағаланып отыр. Бұл жайында қытайлардың әлемге әйгілі Синьхуа ақпарат агенттігі хабар таратты. Аталған институт 2019 жылы ашылады. Бұл институт қабырғасында бір мезгілде он мыңдаған маман дайындалады. Біз сөз етіп отырған институт Хубэй провинциясына қарасты Ухан қаласының экономикалық аймағында жалпы ауданы 100 гектар жер аумағында салынады. Бұл институттың ашылуына Қытай билігінің өзі мүдделілік танытып отырғандықтан оның құрылысына Қытай коммунистік партиясының интернет қауіпсіздігі және ақпаратандыру мәселелерімен шұғылданатын орталық басқару тобы қолдау көрсетеді. Қытай мұнымен ғана шектеліп қалмай, 2027 жылға дейін мұндай институттың алтауына дейін ашуды жоспарлап отыр. Айта кетейік, 2014 жылы интернет қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маман тапшылығы 700 мың адамға дейін жеткен еді. Сарапшылардың айтуынша, 2020 жылы осы саланың маман тапшылығы екі есеге жетеді. 

0 пікір
Мұрағат