Балаларды тірі бомбаға айналдырған
Балаларды тірі бомбаға айналдырған
7 жыл бұрын 2128 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ағымдағы жылдың алғашқы жарты жылдығының өзінде "Боко Харам" лаңкестер тобының содырлары теракті үшін 83 баланы пайдаланған. Бұл көрсеткіш өткен жылғымен салыстырғанда 4 есе көп. Бұл жайында балалардың құқығын қорғаумен айналысатын халықаралық ЮНИСЕФ қоры мәлім етті. Біріккен Ұлттар Ұйымының жанындағы аталмыш балалар қорының баспасөз хатшысы Марикси Меркадоның айтуынша, содырлардың тұтқынынан қашып шыққан балалардың өзі күдік тудырады. Қашып келген баланы туған-туыстарының өзі тосырқап қарсы алады. Бұл өз кезегінде балалардың психикасына теріс әсер етіп жатыр. 

0 пікір
Мұрағат