Fox News телеарнасы мұсылмандардан неліктен кешірім сұрады?
Fox News телеарнасы мұсылмандардан неліктен кешірім сұрады?
9 жыл бұрын 3198

АҚШ-тың терроризм жөніндегі сарапшысы Fox News телеарнасының эфирінен мұсылмандар туралы өрескел мәлімдеме жасап, мұсылман еместердің де күлкісіне қалғаны әрі Лондон мегаполисінде «мұсылмандарша киінбегендерді ұрып-соғатын мұсылмандардың діни полициясы бар», Бирмингемді «тек мұсылмандарға арналған қала», оған «мұсылман еместерге кіруге тыйым салынған» деп мәлімдеме жасағаны турасында осыдан алты күн бұрын хабар таратқан едік. Осыған байланысты оны тікелей эфирге шығарған Fox News телеарна ұжымы сарапшы Стивен Эмерсонның шындықтан алыс кеткен мәлімдемесі үшін көрермендерінен кешірім сұрады. Бұл жайында  New York Times ақпарат көзі хабар таратты. Тележүргізуші Джули Бандерас телеарна атынан көрермендерден кешірім сұрап, сарапшының сөзі нақты фактімен расталмағанын тілге тиек етті.

0 пікір
Мұрағат