АҚШ сарапшысы жұртқа мазақ болды
АҚШ сарапшысы жұртқа мазақ болды
2 жыл бұрын 739

АҚШ-тың терроризм жөніндегі сарапшысы Стивен Эмерсон Fox News телеарнасының эфирінен мұсылмандар туралы өрескел мәлімдеме жасап, мұсылман еместердің де күлкісіне қалды. Ол өз мәлімдемесінде Лондон мегаполисінде «мұсылмандарша киінбегендерді ұрып-соғатын мұсылмандардың діни полициясы бар» деп бір шатса, Бирмингемді «тек мұсылмандарға арналған қала», оған «мұсылман еместерге кіруге тыйым салынған» деп тағы сандалған болатын. Осы мәлімдемесімен былайғы жұрттың наразылығына қалғандықтан ол есі дұрыс адам сенбейтін осы сандырағы үшін көпшіліктен кешірім сұрады. Әлеуметтік желілерде де оны осы мәлімдемесі үшін күлкіге айналдырып бітті. «Бирмингемнің тумасы әрі байырғы тұрғыны ретінде мойындауым керек, мені Kerrang оқуға мәжбүрледі»,- деді Twitter-де біреу қасиетті Құранға рок-журналдың атауы ұқсас болғандықтан осылай мысқылдап. «Мен осы аптада Бирмингемге баруым керек болатын, алайда, төлқұжатымды ұмытып кетіппін. Шаруам бітті»,- деп тағы біреуі келемеждеп, келеке етіпті. 

0 пікір