ФИБА сөзінен тайды
ФИБА сөзінен тайды
10 жыл бұрын 3000

Естеріңізде болса, осыдан біраз күн бұрын өздеріңізге Халықаралық баскетбол федерациясының (ФИБА) рұқсатымен спортшы мұсылман қыздарының ойын алаңына шариғат шәлісімен шығатын күн алыс емес деп хабарлаған едік. Өкінішке қарай, олай болмайын деп тұр. Азия ойындарында мұсылман қыздарына шариғат шәлісімен жарыс алаңына шығуға тыйым салып отыр. Осы тыйымға байланысты Монғолия және Непал командаларымен ойнауы тиіс Катар құрамасы жарысқа қатыспайтын болды. Бұл жайында Sky Sports спорттық ақпарат көзі хабар таратты.

0 пікір
Мұрағат