Қытай еліміздің аумағынан теміржол салуы мүмкін
Қытай еліміздің аумағынан теміржол салуы мүмкін
2 жыл бұрын 861

Қытай Басты шекаралық аймақтан теміржол салуға құлшыныс білдіріп отыр. Бұл жайында КазТАГ ақпарат таратты. Семейге Синьцзян-Ұйғыр автономды республикасының Тарбағатай округінен осы мақсатта арнайы делегация келді. Сәрсенбіде Қытай делегациясы өнеркәсіп, ауыл шаруашылық және әлеуметтік мәні бар нысандарды аралап көрді. Олар туризмді дамыту жобаларына, көлік-логистикалық кешендер жобаларына және ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу саласына шұқшия ден қойып, ерекше қызығушылық танытып, аталмыш салаларға өздерінің де үлес қосқысы, яғни, инвестиция құйғысы келетіндерін жеткізді. Синьцзян-Ұйғыр автономды республикасының Тарбағатай округінің партия комитетінің бас хатшысы Жан Бо Шығыс Қазақстан облсының әкімі Бердібек Сапарбаевпен кездесу кезінде бірқатар құжаттарға қол қойды.

0 пікір
Мұрағат