Еуропалықтардың "төбе шашын тік тұрғызған" намаз (видео)
Еуропалықтардың "төбе шашын тік тұрғызған" намаз (видео)
7 жыл бұрын 18000

Ғаламторда жарияланған голландық балалардың намазу оқып жатқан сәті бейнеленген видео Еуропада дау-дамайға түрткі болды. Нақтырақ айтқанда, Голландияның Зволле (Zwolle) қаласындағы Ghulzar e Madina мешітінің имамы голландық оқушы балаларға намаз үйреткені қоғамда наразылық тудырды. Голландық жалпы білім беру бағдарламасына сай мектеп оқушылары осы елдегі азшылықты құрайтын ұлттардың мәдениетімен таныс болуы керек. Аталған бағдарлама аясында мектепке жақын орналасқан мешітке оқшыларды ертіп келіп, ислам жайында мәлімет беріп, намазды қалай оқу керектігін көрсеткен. 

0 пікір
Мұрағат