Америкалық сарбаздар өз-өзіне қол жұмсап жатыр
|
Таяу Шығыста әскери ұрыс қимылдарына аттанған америкалық сарбаздар арасында лаңкестер мен содырлардың қолынан ажал құшқандардан гөрі өз-өзіне қол жұмсап, қаза тапқандар қарасы көп болып шыққан. Бұл жайында islam-today.ru ақпарат көзі хабар таратты. Аталған аймақтағы америкалық сарбаздардың шамамен 30 пайызы 2014 жылы басталған "Мызғымайтын шешім" деп аталатын әскери операция барысында суицидтен қаза тапқан. Ал осы аралықта содырлармен соғыста 31 жауынгер ғана көз жұмған. Оның өзінде де тек олардың 8-і ғана лаңкестер қолынан қаза тапқан. 11 адам арудан бақиға аттанған. Тағы 11 адам өз-өзіне қол жұмсап өлген. Айта кетейік, АҚШ билігі "Мызғымайтын шешім" әскери операциясына 3 млрд доллардан аса қаржы жұмсаған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Тәуліктің ең қауіпті сағаты түнде екені анықталды
■
Генетикалық ақпараттың берілуінің тағы бір тетігі анықталды
■
Сейсмикалық қауіпті қалада жер қозғалса «қозғалмайтын» зәулім ғимарат бой көтерді (фото)
■
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
■
Түркия алғаш рет қарт тұрғындары көп елдер санатына енді