Еуропалық ел мешітте індетке байланысты намаз оқуға тыйым салса да неге азан шақыруға рұқсат етті (видео)
Еуропалық ел мешітте індетке байланысты намаз оқуға тыйым салса да неге азан шақыруға рұқсат етті (видео)
4 жыл бұрын 1771 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Белгия астанасындағы мұсылмандар жамағаты жергілікті биліктен мұндай «тосын сыйды» күтпеген еді... Жұқпалы індеттің өршіп тұрғанына байланысты мешітте жамағатпен намаз оқуға тыйым салынған болатын. COVID-19 пандемиясына байланысты үйден шықпай отырған Брюссел қаласының тұрғындары мешітте намаз оқуға тыйым салынғалы бері мешіттен дауыс зорайтқышпен алғаш рет азан шақырған адамның даусын естіп қайран қалған еді. Артынан белгілі болғандай, Белгия билігі мешітте намаз оқуға салынған тыйымның күшін жоймаса да азан шақыруға өздері тілек білдірген екен. Бір ғана себеппен – тым-тырыс болып қалған қала тұрғындарының сәл де болса көңілін аулау үшін. Осылайша сәл де болса карантиннің салдарынан бұйығып қалған қаланың әдепкі тірлігін азан даусымен жаңғыртқандай болды. Бұл жайында islamnews.ru ақпарат көзі хабар таратты. 

0 пікір
Мұрағат