Әлеуметтік желіні толқытқан көрініс (видео)
Әлеуметтік желіні толқытқан көрініс (видео)
4 жыл бұрын 1817 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Twitter әлеуметтік желісінде жарияланған, жұмысынан оралған әкесі мен оны қарсы алған баласының арасындағы сәт бейнеленген видеодағы жан толқытар көрініс былайғы жұртты бей-жай қалдырмады. Таспаға тартылып қалған көріністе ұзақ уақыт үйінде болмай жұмыстан келген әкесіне құлдыраңдай жүгірген баланы Саудия астанасындағы емханада жұмыс істейтін әкесі Нассер Әлі Шаһран ишарамен тоқтатып, өзі көз жасына ие бола алмай жүрелей отыра кеткен сәті бейнеленген. Қазіргі уақытта дәрігерлер жұқпалы індетке байланысты аса қауіпті аймақта жұмыс істейтіндіктен барлық сақтық шарасын есте ұстап, орындауы тиіс.

0 пікір
Мұрағат