Ескі қулығын қайталамақ болған Роналдиньоны төреші жазалады
|
Мексиканың «Керетаро» клубында бақ сынап жүрген әйгілі бразилиялық шабуылшы Роналдиньо «Барселонада» жүргенде соққан ерекше голын қайталады.
Бірақ мексикалық бас қазы голды есептемей, футболшыны жазалады.
Қақпашының допты ойынға қосуын күткен Роналдиньо асқан қулықпен шапшаң қимылдап допты қақпаға тоғытады. Бірақ төреші голды есептемей, шабуылшыны сары қағазбен жазалады.
Ал бразилиялық ойыншы каталондық клубта ойнап жүргенде дәл осындай әдіспен «Сельта» қақпасына гол соққан болатын. Ол кезде төреші Ронидің голын есепке алған еді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
СПИД-ке қарсы дәрі ойлап тапқан Йемендік ғалым, дін қайраткері Абдульмәжид Зиндани дүние салды
■
Араб шөлі көлге айналды (видео)
■
Киборг тарақандар пайда болды (видео)
■
Ашық ғарыш кеңістігінде скафандр (арнайы қорғаныш киімін) кимеген адамның қандай күйге ұшырайтыны көрсетілді (видео)
■
Бақсы-балгерлерге алты айға дейін қоғамдық жұмысқа жегу жазасы қолданылады