Үндістанда егін бітік өсу үшін ер адам құрбандыққа шалынды
Үндістанда егін бітік өсу үшін ер адам құрбандыққа шалынды
2 жыл бұрын 1238

Үндістанда сектанттар тобы жаңбыр жауып, егін бітік өссін деген ниетпен 55 жастағы ер адамды құрбандыққа шалған.

Тхепа Кхариа есімді ер адамның басы кесілген денесі елдің шығысында орналасқан Джаркханд штатындағы үйінен табылған. Полицияның мәліметіне қарағанда, оны 31 мамыр күні өлтірген. Ал туыстары болса оны “орка” немесе “мудкатва” секталарының өкілдері жасады деп отыр. Осы сектадағылардың наным-сенімдері бойынша егістікке адамның басын көмсе, сол жылы жауын-шашын болып, астық мол түседі-мыс.

Шетелдік БАҚ-тың жазуынша, ер адам жалғыз тұрған. Таңертең ол әдеттегідей базарға келмегендіктен, көршілері алаңдай бастайды. Ер адамның  үйіне келген олар еденде бассыз жатқан денені көрген. Енді полиция оқиғаны тергеуге кірісті.

Үндістанда бұндай оқиғалар жыл сайын кездесіп тұрады. 2012 жылы Лохардаг қаласының тұрғыны құрбандыққа өз әйелін шалған болатын, ал 2013 жылы Гумла округының тұрғындары сектанттардан басы кесілгелі жатқан қызды құтқарып қалған еді.

Алдын-ала мәлімет бойынша, сектанттар екі апта бойы Үндістанда қайтпай тұрған аптап ыстыққа байланысты бұл тасаттықты жасауы мүмкін деп болжанып отыр. Естеріңізге сала кетейік, Үндістандағы ыстықтан 2 мыңнан астам адам көз жұмды.

0 пікір