Елбасы лаңкестікпен күресте халықаралық желі құруды ұсынды
Елбасы лаңкестікпен күресте халықаралық желі құруды ұсынды
9 жыл бұрын 3445

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Уфа қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысып, ғаламдық мәселелер тақырыбында ұсыныс тастады. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшыларының отырысына БРИКС ұйымына мүше елдердің лидерлері – Ресей Президенті Владимир Путин, Бразилия Президенті Дилма Роуссефф, Үндістан Премьер-министрі Нарендра Моди, Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин, Оңтүстік Африка Республикасының Президенті Джейкоб Зума және шақырылған мемлекеттер басшылары қатысты.

Кездесу барысында өсіп-өркендеу мен даму жолындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды. Сонымен қатар ортақ мүдделерге қатысты мейлінше өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасылды.

Өз сөзінде Қазақстан Президенті Уфадағы саммиттер оған қатысушылардың әлемдік үдерістер жүлгесі бойымен қозғалуының айшықты көрінісі екенін атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі заманның өткір мәселелерін шешу ісінде Қазақстанның өзге елдермен өзара іс-қимылды жалғастыруға әзір екенін айтты.

Соның бірі – терроризм, онымен тек БҰҰ қолдауымен халықаралық желі құру арқылы ғана күресуге болады. Біз бұл зұлымдықпен күрес жөніндегі дүниежүзілік желіні құру үшін БҰҰ Бас Ассамблеясының 70 жылдығының күн тәртібіне осы мәселені енгізуге тиіспіз. Терроризм - бүкіл әлемге, ең алдымен біздің өңірге төнген қатер, - деді  Н.Назарбаев.

0 пікір
Мұрағат