Экономика: Индонезия долларды пайдалануға тыйым салады
Экономика: Индонезия долларды пайдалануға тыйым салады
9 жыл бұрын 3141

Үстіміздегі жылдың, яғни, 2015 жылдың шілде айының 1-нен бастап, Индонезияда кез келген қаржылық операциялар кезінде доллармен немесе шетелдік валютамен есеп айырысуға және пайдалануға толық тыйым салынады. Бұл жайында Bank Indonesia (Орталық банк – ред.) қаржы мекемесінің ақшалай айналымды басқару жөніндегі директоры Эко Юлианто мәлімдеді. 3000 шағын аралдан тұратын бұл елде әлі күнге дейін транзакциялардың көбісі шетелдік валюталармен жүзеге асырылады. Бұл өз кезегінде ұлттық валюта – рупидің айырбас бағамына айтарлықтай кері әсер етеді. «Біз экономикамыздың долларлануына жол бергіміз келмейді, біз рупидің тәуелсіздігін сақтауымыз керек»,- деді ол мәлімдемесінде.

 

Түркияға капиталдың ағылуы рекордтық көрсеткішке жетті   

Үстіміздегі жылдың, яғни, 2015 жылдың ақпан айында Түркияда 1998 жылдан бері капиталдың «құйылуы» рекордтық көрсеткішке жеткені белгілі болды. Қызығы, оның қайдан келгені белгісіз болып отыр. Түркияның орталық банкі елге ағылған капиталдың 4 300 000 000 долларды құрағанын жеткізді. Бұл өз кезегінде елден сыртқа жылыстаған 2 200 000 000 долларды құрайтын капиталдың орнын толтырып қана қоймай, мемлекет бюджетінің бүйірін қампайтқан. Айта кетейік, капиталдың бұл «құйылуы» «Қате» бабына жатқызылды. Яғни, қайдан келгені белгісіз капитал осындай санатқа жатқызылады. Нәтижесінде Түркиядағы ағымдағы шоттың тапшылығы өткен жылмен салыстырғанда 4,2%-ға азайған.

 

Филиппин халал тағам өндіруге көшеді  

Филиппин әлемдік халал индустриясында өз орнын тапқысы келеді. Ол үшін ел билігі мұсылмандар жиі қоныстанған  Минданао аймағында халал өнімдер өндіруге қолайлы жағдай тудыратын инфрақұрылымды қолға алуды ккөздеп отыр. Нақтырақ айтқанда, Филиппиннің сауда және өнеркәсіп министрі Понциано Манало мұндай қадамға не үшін барып отырғандарын Дубайда өткен инвестициялық форумда баяндап берді. Оның айтуынша, Біріккен Араб Әмірліктері мен Иаяу Шығыс елдеріне тағам өнімдерін экспорттау Филлиппиннің экономикалық стратегиялық басым бағыттарының біріне айналуы тиіс. Әсіресе, БАӘ-ге шариғат талаптарына сай өнімдер жөнелтуге басымдық бермек. Мұның себебі: БАӘ экономикасы азық-түліктің 85 пайызын шеттен алдырады, яғни, климаты қатал болып келетін, шөл және шөлейт аймақтардан тұратын, жері ауыл шаруашылық өнімдерін алуға жарамсыз әмірліктер азық-түлік импортына тәуелді. Әлемдік халал индустриясындағы Филлиппиннің үлес салмағы 1 пайыздан аспайды. Бұл Филлиппиннің жалпы ішкі өнімінің 2-3%-на тең көрсеткіш.

0 пікір
Мұрағат