Жаһан: Құранды өртемек болған пастор АҚШ президенті болғысы келеді
Жаһан: Құранды өртемек болған пастор АҚШ президенті болғысы келеді
9 жыл бұрын 4276

Қасиетті Құранның 3000 данасын өртемек болған Флорида пасторы Терри Джонс (Terry Jones) алдағы президент сайлауына қатысып, бағын сынап көруге бел буып отыр. Бұл жайында RT ақпарат көзі хабар таратты. Ол бір емес, бірнеше мәрте қасиетті Құранның даналарын өртеп, исі мұсылманның наласына қалып, наразылығына ұшыраған болатын. Оның бұл арандатушылық әрекеті кезінде әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған болатын.

 

Еуропаға барғысы келетін босқындардың қарасы рекордтық көрсеткішке жетті

Сирия мен Ирактағы қарулы қақтығыстан бас сауғалаған босқындардың дені кәрі құрлыққа барғысы келеді. Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссары басқармасындағылардың хабарлауынша, өткен жылы, яғни, 2014 жылы Еуропаның дамыған елдерінен пана сұраған босқындардың қарасы 866 000 адамды құраған болатын. Яғни, осынша адам Еуропадан пана сұрап, өтініш берген. Бұл Боснияда соғыс басталған кездегі көрсеткішпен салыстырғанда 45 пайызға көп. Жоғарғы комиссар Антонио Гутерреш (Antonio Guterres) Еурокомиссияға ресми сапары кезінде: «Маңыздысы, Еуропа сириялық босқындарға көшіп келуіне жағдай жасауы», - деп мәлімдеме жасаған еді. Оның бұл сөзі босқындарға баспана беруді, гуманитарлық көмек көрсетуді, визалық ережені жұмсартуды, т.б. талаптарды білдірсе керек.

0 пікір
Мұрағат