Дүре соғып жазалау заңдастырылды
Дүре соғып жазалау заңдастырылды
7 жыл бұрын 6135 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Малайзияның Келантан штатында шариғат талаптарын бұзған адамға дүре соғып жазалау заңдастырылды. Бұл жайында The Independent ақпарат көзі хабар таратты. Тарқатып айтқанда, аталмыш заң жобасын аталған штаттың дені ислам партиясынан сайланған депутаттардан тұратын парламенті мақұлдап, дауыс берген. Қабылданған заңда қылмыскерге ел көзінше, яғни, жария түрде немесе тұрме қабырғасында дүре соғып жазалау қарастырылған. "Бұл ел көзінше жазалауды мақұлдайтын діни талапқа сай келеді".- деді аталған штаттың бас министрінің орынбасары Мохд Амар Ник Абдулла. Десе де қандай қылмы үшін мұндай жаза қолданылатыны, яғни, осындай жаза түрі қолданылатын қылмыс тізімі әлі жаряланған жоқ. Сарапшылардың айтуынша, зинақорлар, маскүнемдер бұл жазадан тыс қалмайды. Ал елдің туризм және мәдениет министрі Назри Абдул Азиз мұндай жазаның қолданысқа енгізілуі туристердің ағылып келуіне кері әсерін тигізбейтін айтып отыр. Өйткені, шетелдіктер аталған штатқа сирек келеді. Айта кетейік, бүгінгі таңда аталған штатта, яғни, Келантан аумағындағы тұрғындардың 92,5 пайызы мұсылмандар. Бұл штатта, сондай-ақ, түнгі клуб пен кинотеатрға тыйым салынған. 

0 пікір
Мұрағат