Дубайда алғаш рет жетім балаларға арналған ауыл ашылады
Дубайда алғаш рет жетім балаларға арналған ауыл ашылады
2 жыл бұрын 942

Парсы шығанағы мен Таяу Шығыста, дәлірегі, Дубай қаласында алғаш рет жетім балаларға арналған өз алдына бөлек ауыл үстіміздегі жылдың алғашқы тоқсанында ашылатын болды. Бұл жайында Maktoob ақпарат көзі хабар таратты. Аталмыш ауылда 16 вилла тұрғызылып, онда 120 жетім бала тұратын болады. Әр виллада жетім балаларға қарайтын тәрбиеленуші болады. Бұл жобаға 41 млн доллар жұмсалады. Оның қаржысын жергілікті бизнес өкілдері өз мойнына алады. Мәселен, елге есімі белгілі кәсіпкер Гейт әл-Гейт осы мақсатта 800 мың доллар бөлген. Айта кету керек, 2012 жылдың орта шенінде Біріккен Араб Әмірліктерінің вице-президенті әрі Дубай әміршісі, шейх Мұхаммед бен Рашид әл Мақтұм әр жетім баланы тұрақты баспанамен қамтамасыз ету үшін әрі туған сәтінен бастап, қашан өз бетінше өмір сүре алатын жасқа келгенше оған қамқорлық танытатын әлеуметтік маңызы зор жобаны қолға алған болатын.

0 пікір