2014 жылы елімізде 368 мың бала дүниеге келді
2014 жылы елімізде 368 мың бала дүниеге келді
9 жыл бұрын 3342

Baq.kz ақпарат көзінің хабарлауынша, қаңтар айының 14-і күні Орталық коммуникациялар қызметінің кезекті брифингінде журналистермен кездескен Статистика комитетінің төрағасы Әлихан Смайылов Қазақстандағы демографилық ахуалға тоқталды. Оның айтуынша, 2014 жылы елімізде 368 мың сәби дүниеге келген. 

– 2014 жылдың 1 желтоқсанындағы мәлімет бойынша, еліміздегі халық саны 17 397,2 мың адамды құрады. Соның ішінде: 9 612,6 мың (55,3%) қала тұрғыны, 7 784,6 мың (44,7%) ауыл тұрғыны болып табылады. Жалпы, қаңтар-қараша айларында елімізде халық саны 236,4 мың адамға немесе 1,38% өсті. 2013 жылдың 1 желтоқсанымен салыстырғанда 251,5 мың адамға немесе 1,47% артқан. Сондай-ақ, былтырғы жылы 368,9 (363,1) мың бала дүние есігін ашты. Яғни, 2013 жылмен салыстырғанда 5,8 мың адамға немесе 1,6% артқан, – дейді Ә.Смайылов.

Еліміздегі инфрақұрлымның жақсаруы мен жұмыссыздықтың азаюы - өлім-жітімнің төмендеп, қайта туу көрсеткішінің жоғарылауына себеп болған.

– Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 120,8 (126,7) мың адамды құрап, 2013 жылғы қаңтар-қарашаға қарағанда 5,9 мың адамға немесе 4,7% азайды. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 7,64 (8,12) пайыз болып отыр. Халықтың табиғи өсімі 2013 жылмен салыстырғанда 11,6 мың адамға немесе 4,9% артты. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 15,68 (15,17) адамды құрайды, – деді комитет төрағасы. 

0 пікір
Мұрағат