Демалмай жұмыс істегені үшін айыппұл салынды (фото)
Демалмай жұмыс істегені үшін айыппұл салынды (фото)
6 жыл бұрын 4249 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Өз ісіне берілген, күн демей, түн демей, тіпті, демалыс және мереке күндері де жұмыс істейтіндер бар. Ондай адамдар жұмыссыз қалса, екі қолын қайда сидырарын білмей, тағат таппайды. Француз наубайханасында орын алған мына оқиға бұл сөзімізге дәлел бола алады. Наубайшы демалыссыз жұсыс істеймін деп айыпты болып, айыппұл арқалады. Ол демалыссыз жұмыс істеп, елдің еңбек заңнамасын бұзған. Францияның солтүстік-шығысында орын тепкен Люзиньи-сур-Барс шағын қаласында наубайшы болып жұмыс істейтін Седрик Вэрвэ таяу маңдағы қорыққа ағылған туристердің көптігіне байланысты жеті күн бойы, яғни, бір апта бел жазбай жұмыс істеуіне тура келген еді. Францияның заңнама талабы бойынша шағын кәсіпорындарға аптасына алты күннен артық жұмыс істеуге тыйым салынған. Бұл заң талабы жұмысшыны шектен тыс пайдалануға тосқауыл қою мақсатында қабылданған еді. 


Аталмыш наубайхана өнімі 

Седрик Вэрвэ бұл тыйымға қарамай, заң талабын бұзғаны үшін 3 мың еуро айыппұл арқалады. Наубайханашының өзі айыппұл төлеуден бас тартып отыр. "Мек тек өз жұмысымды істедім" деп ақталды. 

Оның бұл шешімін 2 мыңнан аса адам қолдап отыр. Оған нақты қолдау көрсету үшін онлаин режимде петиция ұйымдастырып жатыр. Сондай-ақ аталған қала басшысы да наубайханашыны жақтап отыр. Оның айтуынша, мұндай заң шағын бизнестің аяғына тұсау салады. Осылай деген қала басшысы аталмыш заңды шығарғандармен жолығуға бел байлап отыр. Бұған қоса, ел экономикасына пайда келтіріп отырған туристер қарасының азаюына әсер ететінін алға тартып отыр. 


Седрик Вэврэ наубайханасының нан өнімдерін сататын дүкен

Сөз орайы келгенде айта кету керек, нан жабу Францияда мемлекет тарапынан қатты қадағаланатын салаға жатады. 1995 жылдан бастап, наубайханашыларға жылына бес апта демалу міндеттелген. Бұл талапты орындау үшін жергілікті билік өкілдеріне наубайхана қызметін қадағалап отыруға құқық берілген. 

0 пікір
Мұрағат