Отбасына қатысты ең маңызды процедура әйелдер пайдасына шешілді
Отбасына қатысты ең маңызды процедура әйелдер пайдасына шешілді
6 жыл бұрын 2876 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ана атанған саудиялық әйелдер сотқа жеткізбей ажырасқан жағдайда баланы өзінде қалдыра алатын болды. Яғни, өз баласына қамқор болу құқығы ең алдымен әйелге тиесілі болып қалады. Сауд Арабиясының ақпарат министрлігі ел аумағында жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық реформалар аясында осындай маңызды қадам жасады. Бұрын жағдай мүлдем басқаша еді: ерлі-зайыптылар ажырасқан жағдайда бала әкесінде қалатын. Әйелдер жылдар бойы табанынан таусылып, соттың табалдырығын тоздыратын. Баласын өзінде алып қалу үшін. Оның өзінде де қамқор болу құқығына қатысты сот шешімі көбіне ер-азаматтардың пайдасына шешілетін еді. Ендігі жерже жағдай күрт өзгерді: аталмыш елдің әділет министрлігі бұл мәселені шешу үшін сотқа жүгінбей-ақ балаға қамқор болу турасында арыз жазса, жеткілікті. Осы өзгеріске байланысты анасы баласының заңға қатысты мәселелерін өзі дербес шеше алады. Мәселен, төлқұжатын жасату, т.б. Сөз орайы келгенде айта кету керек, Біріккен Араб Әмірліктері мен Мысырда әлі күнге балаға қамқор болу құқығы ер-азаматтарға тиесілі. 

 

0 пікір
Мұрағат