ДДҰ халық медицинасын оқу бағдарламасына енгізуді ұсынды
ДДҰ халық медицинасын оқу бағдарламасына енгізуді ұсынды
5 жыл бұрын 2100 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Африка елдерінің билігінен, жекеменшік сектордан, жоғарғы оқу орындарынан және ғылыми-зерттеу мекемелерінен оқу бағдарламасына халық медицинасын енгізуге кеңес берді. Танзаниялық «HabariLeo» жаңалықтар қызметі таратқан хабарға қарағанда, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Африка құрлығында орын тепкен елдерден 14 мемлекет үшін медициналық білім алып жатқан студенттерге халық медицинасын оқытудың негізгі принциптерін әзірлеп қойған. Бұл жайында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Африка аймағының директоры Матшидисо Моэти мәлім еткен. Сөз орайы келгенде айта кету керек, осыдан бірер күн бұрын, дәлірегі, тамыз айының 31-і күні Африка құрлығында халық медицинасы күні аталып өтеді. Биыл осынау атаулы күні халық медицинасын оқу бағдарламасына енгізу бастамасы көтерілген болатын. Матшидисо Моэти Африка құрлығындағы халықтың басым бөлігінің халық еміне жүгінетінін жеткізді. Мәселен, басы ауырып, балтыры сыздай қалса, Бенин тұрғындарының шамамен 70%-ы, Гана азаматтарының 90%-ы халық медицнасына жүгінеді. Африка құрлығындағы 34 елдің денсаулық сақтау министрлігінде халық медицинасына мамандар даярлау комитеті жұмыс істейді. 2010 жылы халық медицинасына қолдау білдіретін мұндай комитет Африканың тек 10 елінде ғана жұмыс істеген еді. Африкадағы 34 ғылыми-зерттеу институты халық медицинасының сапасын, тиімділігін, қауіпсіздігін тексереді. Тіпті, осы заманғы медицинаның шамасы келе бермейтін безгек, жұқпалы аурулар, ВИЧ, сусамыр, гипертония, қан аздық, т.б. ауруларда халық медицинасы қолданыла береді.

0 пікір
Мұрағат