Дәрігерлері ең көп ауыратын ел белгілі болды
Дәрігерлері ең көп ауыратын ел белгілі болды
5 жыл бұрын 2292 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Нидерландыда денсаулық сақтау саласында жұмыс істейтін қызметкерлер арасында дерт  меңдегендер қарасы тағы көбейді. Өткен жылы аталған елдің медицина қызметкерлерінің 5,8%-ы сырқатқа шалдыққан. Сарапшылар мұны медицина қызметкерлерінің жұмысының ауырлығынан әрі денсаулық сақтау саласындағы түрлі ережелердің көптігінен, әралуандығынан көріп отыр. Бұл жағдай өз кезегінде дәрігерлердің стреске ұшырауына алып келуде. Бұдан бөлек, медицина саласынан біржола кетіп жатқан мамандардың қарасы артып келеді. Бұл тенденция да ел билігін алаңдатып отыр. Мәселен, 2010 жылы денсаулық сақтау саласынан қарасын батырған дәрігерлер саны 15,7%-ға жеткен. Бұл жағымсыз үрдіс те өз кезегінде медицина қызметкерлеріне салмақ салып отыр. Яғни, бір адамның жұмысын екі адам атқаруға тура келіп отыр. Әсіресе, мүмкіндігі шектеулі жандарды күтетін, психиатрия саласында жұмыс істейтін медицина қызметкерлерінің қарасы жылдан жылға азайып келеді. Осыған байланысты медициналық мекемелер фрилансерді жиі жалдайтын болған. Олар тұрақты медицина қызметкеріне төленетін ақыдан бірнеше есе көп алады. Яғни, шығыны көп шарасыз әрекет тығырықтан алып шыға алмайды.

0 пікір
Мұрағат