Түркия өзі құрастырған қанатты зымыранды сынақтан сәтті өткізді (видео)
Түркия өзі құрастырған қанатты зымыранды сынақтан сәтті өткізді (видео)
5 жыл бұрын 1736 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Түркияда әскерилер мен инженерлер бетон бункерді жоюға арналған отандық қанатты зымыраны тұңғыш рет сынақтан өткізді. Бұл жайында аталған елдің өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Баранк мәлімдеді. Бұл арада SOM-B2 деп аталатын қанатты зымыран турасында сөз болып отыр. Аталмыш зымыранды TUBITAK SAGE компаниясының мамандары Түркия қорғаныс басқармасының жетекшілігімен және қолдауымен жасап шығарды. Айта кету керек, . салмағы 230 келі тартатын SOM-B2 зымыраны түріктің қарулы күштерінде стационарлық әрі су және жер бетіндегі жау нысандарын 200 шақырым қашықтықтан жоюға арналған SOM қанатты зымыранының жетілдірілген түрі десе болады.

0 пікір
Мұрағат