Дәрігерлерге шабуыл жасағандарға жеке жаза тағайындалып, 10 жылғы дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Дәрігерлерге шабуыл жасағандарға жеке жаза тағайындалып, 10 жылғы дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін
5 жыл бұрын 2701 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Үндістанның денсаулық сақтау министрлігі дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің өміріне қасақана қауіп төндіріп, денсаулығына зақым келтіргендерге арнайы жаза тағайындау турасында бастама көтерді. Бұл жайында үнділердің «Адж так» жаңалықтар қызметі хабар таратты. Үндістан денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі қазіргі уақытта дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне қызмет барысында шабуыл жасағандарға қылмыстық жауапкершілік жүктеу көзделген заң жобасы қарастырылып жатқанын жеткізді. Аталмыш заң талабы бойынша дәрігерлерге қастандық жасағандарға 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін немесе 1 млн рупи (үнділердің ұлттық валютасы), яғни, шамамен 14 мың доллар мөлшерінде айыппұл салынуы ықтимал. Үнді билігінің мұндай қадамға баруына, яғни, осындай бастама көтеруіне шай өндірумен әлемге әйгілі Ассам штатында орын алған қайғылы жағдай түрткі болған еді. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, аталмыш штатта Девен Датта есімді дәрігерді шай плантациясы жұмысшылары қан жоса етіп сабап, өлтіріп тастаған еді. Жергілікті полиция дәрігердің өліміне 200-ден аса адамның қатысы барын мәлімдеді. Олардан 20-дан күдіктінің қолына кісен салынып, тұтқындалды.

0 пікір
Мұрағат