Бұл індет Орта Азияны да жайлап барады
Бұл індет Орта Азияны да жайлап барады
7 жыл бұрын 4066 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Тәжікстан денсаулық сақтау министрлігі хабарлағандай, 8,5 млн халқы бар аталған елде СПИД-ке шалдыққан науқастар саны 9 мыңға жеткен. Олардың әрбір алтыншысы - шетелде жұмыс істеп келген бұрынғы мигранттар. Ресей академиялық ғылым академигі Вадим Покровскидің айтуынша, Орта Азияға да дендеп енген дерттің ошағы сыртта жатыр, яғни, бұл жазылуы мүмкін емес аты жаман аурудың қайнар көзі - шетелдіктер. Дәлірегі, мына құдайы көршіміз Ресейде жұмыс істеп жүріп жұқтырып алып келеді. Осы Ресейдің өзінде 150 млн тұрғынның 1,5 млн-ы, яғни, 1 пайызы СПИД-тен зардап шегіп келеді. Гастрабайтерлер бей-берекет жыныстық қатынасқа түсіп, өз еліне індет таратып отырған бірден-бір себепкер. Яғни, кінәлі - тек уақытша шетелден нәпақа іздеген еңбек мигранттар ғана ма? Елде оларға жұмыс тауып бере алмаған билік те бұл арада кінәлі. Тиісті шара қабылдай алмағаны үшін. Нақты мәліметке қарағанда, 2011 жылы осы ауруды тәжіктердің 37,7%-ы жыныстық жолмен жұқтырған, 41,7%-ы - иньекциялық жолмен, яғни, ине салу арқылы осы дертті жамап алған. Ал 2015 жылы жыныстық жолмен жұқтырғандарқарасы 61,7%-ға жеткен, иньекциялық - 21,4%.

0 пікір
Мұрағат