Бүкіл әлемдік халал күні аталып өтті
Бүкіл әлемдік халал күні аталып өтті
7 жыл бұрын 2943 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Міне, қасиетті ай өзінің екінші кезеңіне аяқ басты. Бұл кезең бүкіл әлемдік халал күні атап өтілуімен ерекшеленеді. Бұл атаулы күн 2013 жылдан бері мерекеленіп келеді, дәлірегі, қасиетті Рамазан айының 17-ші күні исі мұсылман атап өтеді. Бұл күнді атаулы күнге айналдыру туралы бастаманы Дүниежүзілік халал кеңесі  (WHC) көтерген болатын. Қарт тарихқа үңілсек, 624 жылы дәл осы күні Алланың халалдың маңыздылығы туралы алғашқы аяты түсті. Нақтырақ айтқанда, Әнфал сүресінің 69-шы аяты. Биыл бұл күн маусым айының 12-і күніне сәйкес келіп тұр. Бұл мереке жас болғанымен, тарихы тереңде: халал дәстүріне он төрт ғасыр өтті. Бүгінгі таңда халал ұғымы өмірдің барлық саласында қолданылып, ауқымы кеңейіп келеді. Халал ұғымы мұсылмандар арасында ғана емес, сонымен қатар, мұсылман еместер арасында да танымал ұғымға айналған. Жылдан жылға шариғат талаптарына сай әзірленген тауарларды сатып алушы тұтынушылардың қарасы миллиондап артып келеді. Халал индустриясы жаңа белестерді бағындыруда. Әлемдік халал нарығының жылдық айналымы 2,0 трлн. доллардан асып жығылады.

0 пікір
Мұрағат