Будда наным-сеніміндегілер алғаш рет шариғат талабы бойынша жазаланды
Будда наным-сеніміндегілер алғаш рет шариғат талабы бойынша жазаланды
7 жыл бұрын 4167 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Индонезияда шариғат талаптары толықтай үстемдік ететін бір провинция бар. Ол – Ачех провинциясы. Міне, осы Ачех провинциясында тұңғыш рет мұсылман еместерге дүре соғылды. Шариғат талаптарынан аттағаны үшін. Нақтырақ айтқанда, Алем бин Сухади есімді 57 жастағы және Амель бин Аким есімді 60 жастағы ел ағасы болатын жасқа жеткен будда наным-сеніміндегі екі қытайлық азамат ақша тігіп, әтеш төбелестіргені үшін жариялы түрде жазаланды. Өзгелерге сабақ болуы үшін. Кінәлілердің біреуіне жеті, ал екіншісіне 10 дүре соғылды. Елдің көзінше. Бұған қоса, оларға 400 мың рупий (30 доллар шамасындағы қаражат) айыппұл салынды. Бұл жайында MalayMail Online ақпарат көзі хабар таратты. Айта кетейік, шариғат бойынша тек мұсылмандар ғана жазаланып келген еді осы уақытқа дейін. Тағы бір естеріңізге сала кетсек, 255 млн халқы бар Индонезия тұрғындарының 90%-нан астамын мұсылмандар құрайды. Алайда, ислам дінінің талаптарын көбісі сақтай бермейді.

1 пікір
  • muslim.kz сайты осы жаңалықты көшіріп басыпты да сілтемесін бермепті. Жиі қайталанады мұндай "жиендік". Ескерте-ескерте шаршадым. Ұят деген болуы керек кішкене
    7 жыл бұрын
Мұрағат