Елімізде итті сыртқа алып шығудың жаңа ережесі бекітілді
Елімізде итті сыртқа алып шығудың жаңа ережесі бекітілді
7 жыл бұрын 2805 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Елімізде үй жануарларын сыртқа алып шығудың жаңа ережесі қолданысқа енгізілуіне байланысты ендігі жерде бұл ережені елемегендерге айыппұл салынады. Бұл жайында  yvision.kz ақпарат көзі хабар таратты. Бұдан былай итін жетектеп көшеге алып шығатындар өзімен бірге оның арнайы төлқұжатын да алып жүруі міндетті. Нақтырақ айтқанда, иттің төлқұжаты мен қоғамға қауіп төндірмейтіні жөніндегі сертификатын өзімен бірге алып жүруі тиіс. Ит егесі мұндай құжатқа (сертификатты) арнайы оқу орнынан бір айлық курстен өткеннен кейін ие бола алады. Сонымен қатар, иттің қарғыбауына жалғанған жіптің ұзындығы бір жарым метрден аспауы керек әрі иттің тұмсығына тұмылдырық кигізілуі тиіс. Сондай-ақ, ит егесі өзімен бірге бір реттік пакет алып жүруі қажет. Иті көшені нәжісімен былғамасы үшін. Астана қаласының табиғатты қорғау полициясының аға инспекторы Ожас Керімбековтың айтуынша, үй жануары егесінің қолында оған 12 айда екпе егілгенін растайтын санитарлық құжаты болуы керек. Итті түнгі сағат 23:00-ден таңғы 06:00-ға дейін көшеге алып шығуға тыйым салынады.

0 пікір
Мұрағат