«Боко Харам» содырларының 10 лагері жойылды
|
Нигерия әскері арнайы операция барысында елдің солтүстік-шығысында орын тепкен Борно штатындағы Самбиси орманына жасырынған «Боко Харам» содырларының 10 лагерін жойды. Бұған қоса, содырлардың бірталайы оққа ұшып, брондалған автокөліктері мен зениттік қондырғыларын қолға түсірудің сәті түскен. Аталмыш радикалды топ содырларының көзін жою мақсатында жүргізілген арнайы операцияға авиация да атсалысқан. Дәлірегі, авиация содырлардың қалай жылжығанын, қайда жасырынғанын анықтауға көмектескен. Бұл жайында «Vesti.ru» ақпарат көзі хабар таратты.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
СПИД-ке қарсы дәрі ойлап тапқан Йемендік ғалым, дін қайраткері Абдульмәжид Зиндани дүние салды
■
Араб шөлі көлге айналды (видео)
■
Киборг тарақандар пайда болды (видео)
■
Ашық ғарыш кеңістігінде скафандр (арнайы қорғаныш киімін) кимеген адамның қандай күйге ұшырайтыны көрсетілді (видео)
■
Бақсы-балгерлерге алты айға дейін қоғамдық жұмысқа жегу жазасы қолданылады