Базел конвенциясы тағы бір қауіпті қалдықпен толықты
Базел конвенциясы тағы бір қауіпті қалдықпен толықты
5 жыл бұрын 2816 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ақпан айының 27-і күні Жапонияның қоршаған орта министрлігі Норвегияның пластикті қалдықтарды еларалық тасымалдауға тыйым салу жөніндегі бастамасын қолдайтынын мәлімдеді. Бұл бастама өз кезегінде қаупті қалдықтардың трансшекаралық тасымалдануын әрі жойылуын бақлау жөніндегі Базел конвенциясында қарастырылған талаптарға сай келеді. Күншығыс елінің «Джиджи» ақпарат агенттігі таратқан хабарға қарағанда, Жапонияның пластикалық қалдықтары өз елінде емес, Вьетнам мен Малайзияда өңделеді. Алайда, оны тасымалдау кезінде қоршаған ортаны ластау қатері жоғары. Сөз орайы келгенде айта кету керек, Базел конвенциясы 1989 жылы қабылданған болатын. Аталмыш конвенцияға әлемнің 170 елі қосылған еді. Әдетте Базел конвенциясы бойынша мынадай қалдықтардытасымалдауға тыйым салынған: биомедициналық және медициналық қалдықтар, пайдаланылған мұнай өнімдері, пайданылған қорғасынды қышқыл аккумуляторлар, тұрақты органикалық ластаушылар, химиялық заттар мен пестицидтер (қоршаған ортада ұзақ сақталатын әрі зардабы ауыр, адам өмірі мен денсаулығына қауіпті), т.б. Еліміз, яғни, Қазақстан Республикасы Базел конвенциясына қосылу туралы 2003 жылдың ақпан айында заң қабылдаған болатын. 

0 пікір
Мұрағат