Басына ота жасалған кезде скрипка ойнауын тоқтатпады
Басына ота жасалған кезде скрипка ойнауын тоқтатпады
2 жыл бұрын 794

Израилдің емханаларының бірінде өзгеше жағдай орын алды. Литвадан келген пациент басына ота жасалған кезде скрипка ойнауын тоқтатқан жоқ. Наоми Элишув есімді скрипкашы тремор (қолы қалтырайды) сырқатына шалдыққан болатын. Осы сырқатына байланысты оркестрда ойнау мүмкіндігінен айырылған болатын. Дәрігерлер пациенттің миына электрстимулятр орнатуға бел байлайды. Ота кезінде әйелдің ми қабығын ашқанымен Наоми есін жоғалтпады. Ол тіпті, қолына скрипкасын алып, Чайковский мен Моцартың туындыларын ойнауға көшті. Бұл аралықта дәрігерлер оның жүйке импульсын анықтап, мидың тиісті бөлігіне аталмыш стимуляторды орнатады. Чайковский мен Моцартың туындыларын ойнап, ауруын елемейді әрі ота сәтті аяқталады. Скрипкашының қолы қалтырағанын қояды. Оған ота жасаған Й. Фрид әйелдің тапқырлығына, табандылығына таңқалғанын жасырмады. Бұған қоса, атақты классиктердің шығармаларынан ләззат алғанын да жасырмады. Сөзінің соңында әйелге шығармашылық табыс тіледі.

0 пікір