Башқұрстанда жылжымалы мешіт «жолға шықты»
Башқұрстанда жылжымалы мешіт «жолға шықты»
10 жыл бұрын 3052

Уфа қаласында тасымалданатын құлшылық бөлмесінің конструкциясы пайда болды. Аталмыш мешіт жолға шыққан мұсылмандарға қызмет көрсетеді. Яғни, жолда намаз оқитын жағдай болмағанда, мәселен, айдалада қалғанда немесе жауын құйып тұрғанда таптырмайтын мешіт болғалы тұр. Башқұрстанның Мұсылмандар діни басқармасы осынау өзгеше жобаны мақұлдап, батасын берді. Көшпелі мешіттің авторлары: Уфа университетінің студенті Оксана Жилейкина және оның ұстазы, профессор Ибрагим Абызбаева. Бұл мешіт, әсіресе, намазды сырт көзден таса жерде оқығысы келетін әйелдерге қолайлы. Мешіт су өткізбейтін палаткамен жабылған. Терезесі де бар. Мешіт ішінде жайнамаздар қойылған. Бір мезгілде үш адамға дейін намаз оқи алады.

0 пікір
Мұрағат