Әзірбайжанда шариғат шәлісін жамылған студенттерді дәріске жібермеді
Әзірбайжанда шариғат шәлісін жамылған студенттерді дәріске жібермеді
2 жыл бұрын 766

Сумгаит мемлекеттік жоғары оқу орнының үш бірінші курста оқитын студентін шариғат шәлісін жамылғаны үшін дәріске қатыстырмады. Бұл ақпаратты Әзірбайжан университетінің гуманитарлық мәселелер жөніндегі проректоры Низам Намазов та растап отыр. Бұл жайында Ансар.ру ақпарат көзі хабар таратты. «Біз оларға орамалсыз келуін хабарлағанбыз, өйткені, олар жеке бас куәлігін аларда қалай фотосуретке түсті, солай қабылдаймыз. Бізде зайырлы оқу мекемесі болғандықтан қандай да бір діни сабақтар өткізбейміз. Сол себепті, сабаққа шариғат шәлісімен келуге болмайды. Рас, біздің елде шариғат шәлісін жамылып жүруге тыйым салынбаған, алайда, әр оқу орнының өз киім үлгісі бар», - деді ол өз жауабында.

0 пікір