Балаларын халал емес тағамдардан қорғау үшін қандай қадамға барды?
Балаларын халал емес тағамдардан қорғау үшін қандай қадамға барды?
10 жыл бұрын 3138

Хенна Хан есімді Англия тұрғыны мектепке баратын үш баласының киіміне «тек қана халал» деген жазуы бар стикерді бекітіп қойды. Мектеп асханасында оларға шариғат талаптарына сай келмейтін еттен әзірленген аспен тамақтандырмасы үшін. Бұл жайында The Daily Mail ақпарат көзі хабар таратты. Оның бес жастағы Хадиша есімді қызына мектеп асханасында бірнеше рет халал емес тағам берілгеннен кейін Хенна осындай «қулық» ойлап тапты. Бұрын Хенна мектеп әкімшілігіне шағымданып та көрген. Балаларына қандай ас мәзірін ұсынуы керектігін, яғни, берілетін тағам тізімін жазып апарып берген көрінеді. Өйткені, Ұлыбританияда мұндай тәжірибе бар: қандай да бір асқа аллергиясы барлар, вегетариандар, т.б. осындай өтініш білдіре алады мектеп әкімшілігіне. Оны, әсіресе, ақ пен қараның арасын әлі ажырата алмайтын 4 жастағы Мұхаммеді үшін де, 3 жастағы Тайыбы үшін қатты алаңдайды.

0 пікір
Мұрағат